Біз кз

Өрт сөндірушілердің жұмысы қауырт

Өрт сөндіру қызметінің жұмысы қашанда қауырт. Әсіресе, жаз мезгілінде түрлі жағдайларға байланысты өрт оқиғалары орын алып жататын жайы бар. Сондай оқиғаның бірі  9 шілде күні орын алды. Сағат 14.14-те Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефонына Тараз қаласы, Театральный көшесіндегі 6 пәтерлі тұрғын үйдің өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 12 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 46 адам жеке құрам шығып, шұғыл жүргізілген барлау жұмыстарынан соң құрылысы ағаштан тұрғызылған барак тұрғын үй шатырының өртке оранғандығын анықтаған. Жедел қимылдаған от жауынгерлері қызыл жалынның одан әрі көрші орналасқан тұрғын үйлерге таралу қаупінің алдын алып, өртті 35 минутта толық жояды.
Айта кетейік,  демалыс күндері облыстың өрт сөндірушілері мен құтқарушылары мұнан өзге түрлі сипаттағы өрт оқиғаларына – 6 рет, қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына – 17 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған үйлерінің есіктерін ашып беру жұмыстарына – 3 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына – 1 рет шыққан екен.
Жоғарыда аталған өрт оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген.
Департаменттің баспасөз қызметі қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатқанын айтады.
«Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, балалардың отпен ойнауына жол бермеді ескертеді. Сондай-ақ жазғы шомылу маусымында арнайы белгіленюеген жерлерде суға шомылудың соңы өкінішті жағдайларға алып келуі мүмкін екендігін еске салады. Ал өрт немесе төтенше жағдай туындаса «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалудың тегін екендігін ескертеді».
Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.