Біз кз

Саулық — сақтықта

Әрбір жан қауіпсіздік жөнінде білгені жөн

Міне «жаз»деп аталатын ең ыстық мезгіл де келіп жетті. Ақындар жырға қосқандай жаймашуақ, жадыраған жаз. Бірақ, өкінішке орай, аталған мезгіл ішінде кейбір қауіп-қатерлер де жиі ұышрасады. Себебі, жаз мезгілінде біруақыт сергіп алмақ ниетте демалысты аңсап жүрген жұрт кейде қауіпсіздік шараларын естен шығарып алып жатады. Ал оның соңы өкінішті жағдайларға әкеліп со,уы ықтимал. Міне, осындай жағдайларға жол бермес үшін құтқарушылар өз кезегінде тұрғындар арасында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Байзак ауданы ТЖ бөлімінің бастамасымен ағымдағы жылғы 13 шілдеде аудандық әкімдіктің Жергілікті полиция қызметінің және аудандық білім бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Аю-Тропик» және «Қарлығаш» бассейіндеріне рейдтік шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Рейд барысында, демалушы халыққа шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ата-аналардың су айдындарының маңында балаларды қараусыз қалдырып, заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы туралы, сондай-ақ балалардың терезеден, балконнан және биіктіктен құлау жағдайлары бойынша әңгімелесулер жүргізілді. Ата-аналарға жазғы демалыс маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеңес берді. Сонымен қатар, жаднамалар, үгіт-насихат материалдары таратылды. Бассейн иелеріне жазғы шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кеңестер беріліп, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы стандарттарға сай жабдықтау туралы ұсыныстар берілді
Аталған рейд су айдындарында және тұрмыста қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталғандығын атап өткен жөн.
Құрметті ата-аналар! Балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, балалардың қайда және кіммен жүргенін бақылаудан шығармаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен учаскелерде ғана шомылуға рұқсат етіңіздер.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.