Біз кз

Отбасы институтын дамыту қажет

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай Қордай аудандық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Кенжекүл Ағыбаеваны қабылдады.

Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Әсіресе отбасы құндылығы, “Балалар жылы” аясында балаларға жан-жақты қолдау көрсету сынды тақырыптар жан-жақты талқыға түсті.

Сондай-ақ бүгінгі күні жас отбасылар арасында ажырасу фактілерінің көбейгендігін алға тартқан аудан әкімінің орынбасары Кенжекүл Ағыбаеваға отбасы институтын күшейту бойынша жастармен сұхбат құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, аудандық әйелдер кеңесімен бірлесе отырып қыз баланың тәрбиесіне қатысты жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтылды.
Кенжегүл Түменбайқызы қауымдастық құрамын қайта қарап, оның құрамына мемлекеттік қызметкерлер мен білім саласы қызметкерлерін енгізу, сондай-ақ, Іскер әйелдер қауымдастығы жанынан «Жас қанат» жастар қанатын құру сияқты жоспарланған жұмыстарымен бөлісті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.