«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (ӘМСҚ) Басқарма төрағасының кеңесшісі Сеитова Әйгерім Мұратқызы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған бірқатар кездесулер өткізді.
Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Есмағамбетова Айжан Серікбайқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында меморандумды іске асыру, медициналық ұйымдарды қаржыландыру және олардың кредиторлық берешегі мәселелері қаралды. Жиынға ӘМСҚ облыстық филиалының басшысы Ғайни Аймағамбетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қатысты.
Облыстық перинаталдық орталықта медицина саласының ардагерлері және медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен ашық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы, стационарларды қаржыландыру тетіктері, медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз ету, кадр тапшылығы және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайлары талқыланды.
Сондай-ақ Әйгерім Мұратқызы Жамбыл аудандық ауруханасына барып, медициналық ұйымның басшылығымен кездесті. Тараптар медициналық көмектің қолжетімділігі мен оны ұйымдастыру және медициналық ұйымның кредиторлық берешегі мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.
Жұмыс сапарының соңында Басқарма төрағасының кеңесшісі облыстық филиал ұжымымен кездесіп, қызметкерлердің ұсыныстары мен жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерін тыңдады. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, түсініктемелер ұсынылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.