Егер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Ахметов, Д.Мыңбай, Қ.Абасов, Ә.Әбсеметова, Е.Бейсенбаевтың депутаттық сауалы қолдау тапса, онда арнайы бағдарламамен ауыл жастарына да үй берілмек.
Аталған депутаттар ауыл жастарына білім беру, жұмыспен қамту және баспаналы болуына ықпал ету қажет екенін айтады.
«Бріншіден. Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын
қаржыландыру қалалармен шектелмеуі тиіс. Даму перспективасы бар ауылдар
мен аудандарда тиімді, жан-жақты ойластырылған шешіммен тұрғын үй беру,
несиелендіру бағдарламасын әзірлеу қажет. Әсіресе, бұл үлкен қалалардың
қасында шоғырланған елді-мекенде тұратын жастар үшін ұтымды болмақ.
Екіншіден. Ауылдық жерде жеке кәсіппен, шаруашылықпен
айналысамын деген жастарға төмендетілген пайызбен шағын несие,
жеңілдетілген субсидия беруді қарастырып, үш жыл көлемінде салықтан босату
қажет. Сондай-ақ, ауыл квотасы бойынша мемлекеттік грант есебінен білім алған
жастарға қолына диплом алғаннан кейін өз ауылынан, ауданынан мамандығы
бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін ойластырған жөн.
Үшіншіден. Ауыл жастарының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына,
спортпен шұғылдануына, қосымша білім алуына инфрақұрылымдық жағдай
жасап, ақпараттық-түсіндірме жұмысты күшейту керек.
Үкімет бұл мәселені ерекше бақылауға алып, заңнамамен белгіленген
мерзімде жауап беруін сұраймыз» делінген депутаттық сауалда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.