Біз кз

Қазақ күресінен республикалық турнир мәресіне жетті

Талас ауданы, Қаратау қаласында төл спортымыз қазақ күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қолбасшы Қойгелді» атындағы республикалық турнирдің жалауы желбіреген болатын.

Боз кілем бәсекесінде Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Абай, Павлодар, Ақмола және Жамбыл облысы, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары сонымен қатар жарыс қожайыны Талас ауданы құрамалары өнер көрсетті.

Еліміздің әр түкпірінен келген 450-ге жуық балуан 38 кг, 42 кг, 46 кг, 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг және +75 келі сынды 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салған-ды.

Таластық бапкерлер баптаған балуандар 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. 42 келіде белдескен Нұрланұлы Нұрғиса мен Нұрлан Темірлан (55 кг) жеңімпаз атанса, Нұрлан Ерасыл (42 кг) Майбасар Нұржігіт (55кг) күміс медальға ие болды, ал Маратұлы Шәкәрім (50 кг) республикалық турнирдің қола жүлдегері.

Айта кетейік, 42 және 55 келі салмақтардың алтын жүлдесін таластық балуандар сарапқа салған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.