Біз кз

Отан қорғаушыларға құрмет

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі өңірде кең көлемде аталып өтуде. Айбынды азаматтарды, ел тыныштығы жолында ерлік көрсетіп, антына адалдық танытып жүрген жандарға құрмет көрсетіліп, олардың ісі жастарға өнеге, үлгі ретінде көрсетілуде.

Патриоттық сезім мен Отанға деген құрмет көрініс тапқан сондай шаралар талас ауданында да өтуде.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын соның бір айғағы. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимн шырқалып, көпшіліктің рухын көтерді. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков сарбаздарды мерекемен құттықтап:

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – халқымызға тән батырлық пен ерлікті паш етіп, әскерімізге құрмет көрсетілетін мереке. Атаулы күннің жас буынды патриоттық бағытта тәрбиелеуде маңызы орасан.
Айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады.
Қауіпсіздігіміздің қорғаны – Ержүрек жауынгерлеріміз қашанда құрмет пен марапатқа лайық», – деді.

Сондай-ақ, Нұрбол Жүнісбеков құқық қорғау органдарының және қарулы күштер қызметкерлерін, аталған сала мамандарын Алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев жоғары деңгейде қызмет атқарған сардарлар мен сарбаздарға, қызметкерлерге Талас ауданы мәслихатының «Құрмет грамотасын» табыстады. Салтанатты шарада Қаратау қаласының қорғаныс істері жөнідегі біріктірілген бөлім бастығы Г. Даминов мерекемен құттықтап, біршама азаматты марапаттады.

Жиын соңы мерекелік концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар ел қорғандарына өз өнерлерін паш етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай Талас ауданының әкімі «Ақсу» шекара бөлімшесіне барып, ондағы сарбаздарды атаулы мерекемен құттықтады.

Бүгінде мұндағы сарбаздар Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келеді. Қызметке қырағы сарбаздардың мемлекеттік шекараның тұтастығын сақтау жолындағы еңбегі орасан. Сондықтан да жас шекарашылардың еңбегін бағалаған аудан басшылысы оларды Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен марапаттады: «Құрметті Отан қорғаушылар, туған жеріміздің тыныштығы жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!», деді Нұрбол Жүнісбеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.