Талас ауданы әкімінің өкіміне сәйкес Рысбаев Мақсат Сабырғалиұлы Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Мақсат Сабырғалиұлы 1987 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңтану», 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Талас ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуын үйлестіру және мониторингін жасау, коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қаратау қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2021 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
__________________________
#talasakimdigi