Біз кз

«Көне Тараздағы» көңілді думан

Тараз – көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар шаһар. Екі мың жылдан астам тарихы бар қаланың қасиеті мен өсиеті де қатар өрілген, домбыраның қос шегіндей салтанаты бөлек дүние. Ұлы даланың ұлағатты мәдениеті мен өнерінің негізі де осы жерден бастау алады.

Сондықтан болар, бүгінде «Қала күні» мерекесі жалпыхалықтық сипат алып, жұртшылық асыға күтетін мерекеге айналды. Биылғы Қала күнін де тараздықтар ерекше сән-салтанатымен қарсы алуда. Айталық, бүгін «Көне Тараз» кешенінде «Сүйікті қалам – Тараз» мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында Amre, Тұрар Ыдырыс, Серік Ибрагимов , «Алатау серілері» және өзге де өнер жұлдыздары әсем әннен шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шараны Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков бастаған азаматтар тамашалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.