Біз кз

«Үміт» үйіндегі мереке

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қаратау қаласындағы «Үміт» арнайы мектеп-интернатына барып, тәрбиеленушілермен жүздесіп, 25 қазан — Республика күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтар үлестірді.

Алдымен аудан басшысы мектеп интернаттың тұрмыстық жағдайымен танысты. Нұрбол Әбдімажитұлы жаттығу және спорт залдарын, бөлмелерді аралап, мекеме басшылығымен және тәрбиешілермен тілдесті.
Бүгінде «Үміт» арнайы мектеп-интернатында 81 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілер қажетті барлық затпен қамтамасыз етілген. Мұнда педагогтардан бөлек, медицина қызметкері, логопед, дефектолог, психолог және арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Сонымен қатар, компъютер сыныбы, шеберхана, кітапхана, медициналық блок, жаттығу және акт залдары да бар.

Мекеме ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қазіргі заманға сай қоғамға бейімдеу, әлеуметтендіру, өз бетімен өмір сүруге оңтайлы жағдай жасау, олардың даму мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне қарай арнайы оқу-тәрбие жұмыстар ұйымдастыру; білім туралы мемлекеттік құжат беру қызметтерін жүзеге асырады.

Аудан әкімі мекеме тәрбиеленушілерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Шара соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.


 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.