Біз кз

Жасыл алаңда – «Жұлдызды футбол»

Қала күні мерекесіне Тараз қаласының орталық стадионында тұңғыш рет жұлдызды құрамалар арасында медиафутбол ойыны ұйымдастырылды.
Алғаш рет ұйымдастырылған футбол матчында қала әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, құттықтау лебізін арнады.

Футболда «Тараз жұлдыздары» мен «Жайдарман» құрамалары өзара бәсекеге түсті. «Жайдарман» құрамасында жұлдызды жайдарманшылар, жайдарман ойындарының чемпиондары, қазіргі жастар арасында танымал әншілер, блогерлер, актер және қоғам белсенділері қатысты.

Жұлдызды «Жайдарман» құрамасына қарсы «Тараз жұлдыздары» құрамында Әулиеата өңірінің медиа жұлдыздары, спорт және мәдениет саласында жүрген өнерпаздар, әнші, блогер, жайдарман жастары өнер көрсетті.
Жұлдызды футбол матчы аясында концерттік бағдарлама, ұтыс ойындары ұйымдастырылды.
Аса қызықты өткен «Шоу матчты» тамашалауға келген көрермен қауымының қарасы қалың болды.

Тартысты өткен ойында «Тараз жұлдыздары» құрама командасы 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Тараз, жеңіс құтты болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.