Біз кз

Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!

Еліміздегі еңбек нарығы мен экономикалық болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып-білуге шығармашылық қабілетін жандандыру, білім алушыларды бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында Байзақ ауданына қарасты №1 мектеп-гимназиясында «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды.
Арайлым Жолдыбаева жүргізген шара «Мамандық таңдау – маңызды мәселе» тақырыбында мектеп-гимназия директоры Гүлпаш Жаманованың кіріспе сөзінен бастау алды.
Семинар барысында аудандық орталық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары М. Мадимаров «Дәрігер болу – менің арманым», аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Р.Примкулова «Салауатты өмір салтын ұстанайық», №3 Байзақ колледжінің әдіскері Л.Хибатова «Техникалық мамандық – болашаққа арналған трамплин», «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Д.Сансызбаев «Қазіргі таңдағы сұранысқа қажетті мамандар», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының «Радиациялық химиялық және биологиялық барлау» ротасының командирі, аға лейтенант Ұлбек Абақ «Әскери ЖОО қалай түсуге болады және әскери қызметінің мәртебесі» тақырыптарында өз ойларымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауаптар берді. №1 мектеп – гимназиясының АІЖО М.Искаков «Болашақтағы заманауи ІТ мамандықтар», Г.Рахметильдаева «Қазіргі таңда ең маңызды мамандықтар мен жойылып бара жатқан мамандықтар» жөнінде әңгімелеп, психологтар П.Канимова мен Н.Иманалиева «Мамандығым мақтанышым» психологиялық тренингін өткізді.
Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымы кеңейген жоғары сынып оқушылары семинардан үлкен әсер алды.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.