Біз кз

Қасқабұлақ пен Берікқарада жаңа әкім

Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық Заңына сәйкес, Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілген болатын.

Сайлау қорытындысы бойынша Талас ауданы әкімі Нұрбол Жүнісбековтың өкімімен Усейнов Жардис Исмайлович Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Усейнов Жардис 1978 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында дүниеге келген.

М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін «Мемлекеттік басқару және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Қасқабұлақ ауылындағы Талас жастар орталығының жастар ісі жөніндегі маманы болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Қасқабұлақ ауылындағы Талас жастар орталығының инструкторы, аға нұсқаушысы, аға кеңесшісі, Талас ауданы Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Сондай-ақ, Талас ауданы, Берікқара ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілген болатын.

Сайлау қорытындысы бойынша Талас ауданы әкімі Нұрбол Жүнісбековтың өкімімен Смайлов Ербол Тамдыбекұлы Берікқара ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Ербол Тамдыбекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келген.

Қаратау қаласындағы Қаратау құрылыс колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Тараз қаласындағы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талас аудандық ХҚКО-ның инпекторы болып бастаған.

Әр жылдары Талас аудандық ХҚКО-ның кеңесшісі, инпекторы, ұйымдастырушы – бақылаушысы, Талас аудандық ХҚКО-ның реттеу залының басшысы, Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, бөлімше басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Берікқара ауылдық округінің әкімі лауазымында еңбек етіп келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.