Біз кз

Ауылдас тату болса – асарлатып үй салады

Меркі ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыбындағы апталығында асарлатып салынған үй өз иесіне берілді.
Ауыл жастары мен белсенді азаматтарының қолұшымен және қаржылай қолдауымен салынған үш бөлмелі баспана көпбалалы отбасыға салтанатты түрде табысталды.
Табыстау  шарасына аудан әкімінің орынбасары Бақытхан Әбжапаров, ауыл ақсалдары мен тұрғындары қатысты.
Бақытхан Жаханұлы қуанышқа бас қосқан ауыл тұрғындарын құттықтап, асарлатып үй салу – ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Ауыл ақсақлдары Жеңісбек Манапов пен Мұратбек Наяткадаев асарлатып үй салуға атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтып, бата берді. Сондай-ақ, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ербол Байболсынов та ауыл жастарына алғыс білдіріп, белсенділік танытқан азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Ағайынның арқасында баспанаға қол жеткізген көпбалалы ана, барша ауыл жұртына ризашылығын білдіріп рақмет айтуда. Жиылған жұрт жылы лебіздерін жеткізіп, жас отбасыға құтты болсын айтып, сый-сияпаттарын тарту етті.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.