Біз кз

Саулығыңызға септесетін – «Саламатты Қазақстан»

Әлеуметтік жоба аясында қолға алынған «Саламатты Қазақстан» пойызы ауданға келді. Еліміздің шалғай стансаларына қоныстанған тұрғындарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында жолға шыққан пойыз Тамды стансасында екі күн аялдайтын болады.
Медициналық пойызды күтіп алуға сала басшыларымен ауыл тұрғындары жиналды.
Салтанатты рәсімде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова азаматтардың медициналық тексеруден өтіп, аурудың алдын алуға үлкен мүмкіндік туып отырғанын жеткізсе, Ұлттық комиссияның өкілі Талғат Әміржанов пен медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева жобаның мақсаты мен көрсетілетін қызмет түрлеріне тоқталды.
Стансаға тоқтаған пойыздың төрт вагонында 15 дәрігер, 7 медбике бар. Кез келген азамат терапевт, педиатр, ЭКГ, акушер-гинеколог, зертхана, қан тапсыру, окулист, невропатолог, уролог, лор, хирург, кардиолог, УЗИ, флюорография, стоматолог сынды мамандардың көмегіне жүгініп, кеңес ала алады. Сондай-ақ, құқықтық және психологиялық кабинаттермен қамтылған. Биылдан бастап көрсетілетін қызмет түрлері тараптарды татуластыратын медиатор мамандармен толығып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.