Біз кз

Байланысты арттырған бағдарлама

«Шөп тамыры» – Жапония Үкіметі тарапынан қолға алынған бағдарлама. Мақсат-Үкіметтік емес ұйымдарға, медициналық және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету арқылы халықтың өмір сапасын жақсарту.
Тұрғындардың саулығын қамтамасыз етуге бағытталған жобаның шарапаты аудандық орталық ауруханаға да тиген болатын. 2017 жылы «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында 13,2 млн. теңгенің грантын жеңіп алып, мекемені қажетті техникалармен толықтырған еді. Олардың қатарында ірі көлемдегі кір жуғыш, үтіктегіш, кептіргіш машина және көкөніс пен жемістерді сақтайтын мұздатқыш камера бар.
Көптің игілігіне арналған бағдарлама нәтижесіне Жапонияның Қазақстандағы елшілігімен арада достық қатынас орнады. Тараптарды ортақ мүдде тоғыстырғандықтан өзара байланыс артты. Кеше Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямада ауданға келіп, денсаулық саласында атқырылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудандық емхананың мәжіліс залында сала қызметкерлерімен кездескен Жапон елшісі облыс көлемінде іске асырылып жатқан «Шөп тамыры» жобасының шарттары мен тиімділігін түсіндірді. Басққосу барысында халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаға қатысуға ниетті екендігін білдірген облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев кездесу қонақтарына ризашылығын білдірді.
Мұнан соң Джун Ямата бастаған топ өкілдері аудандық емханадан ашылған «Үздік тәжірибелер орталығының» жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында жеңіп алған жұмысын көрді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.