Біз кз

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Ағымдағы жылдың 19 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының мамандары Агенттік тарапынан жолданған Алматы қаласы тұрғынынынан келіп түскен жолданымды қараған болатын.

Қызмет алушы өзінің жолданымында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімімен шет мемлекеттің автокөлік құралдарын заңдастыру қызметін сапасыз әрі дөрекі түрде көрсеткендігі, электронды кезек талонын бірнеше мәрте алдырғандығы туралы уәждерін келтіріп, болған жағдайлар бойынша тиісті шараларды қабылдауды сұраған болатын.

Департамент мамандары жолданымды жан-жақты және толыққанды қарау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалына сұрау салу арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, жолданым иесінің келтірген уәждері толықтай дәлелін тапты.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтіріліп, Департаментпен енгізілген ұсыныс негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімнің жауапты мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.