Біз кз

Сақтықта қорлық жоқ

Талас ауданы прокурорының орынбасары А.Тілешов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ғ.Сыздықов өрт қауіпті кезең басталуына байланысты ауылдық округ әкімдіктерінде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының қызметтерін зерделеді.
Зерделеу жұмыстары барысында ерікті өртке қарсы құрылымдардың табиғи өртті сөндіруге дайындығы және тиісті өртке қарсы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды, сондай ақ оларға табиғи өртті жедел сөндіруге бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өртті сөндіру барысындағы техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық берілді.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.