Біз кз

Ардагерлер арасында спорттық сайыс өтті

Байзақ ауданына қарасты №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы мен аудандық ардагерлер кеңесінің бірлесе ұйымдастыруымен спартакиада болып өтті.
Аталмыш шара Жамбыл облысының 85 жылдығы мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне орайластырып, аудан ардагерлері арасында облыстық спартакиадаға іріктеу болып табылады. Ардагерлер спорттың 8 түрі, яғни, волейбол, үстел теннисі, дартс, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы, биллиард және асық ату түрлері бойынша өткізілді.
Жалпы командалық есепте жүлделі бірінші орынды Қызыл жұлдыз ауылдық округі, екінші орынды Ботамойнақ ауылдық округі иеленсе, үздік үштікті Бурыл ауылдық округі қорытындылады.
Жеңімпаздар облыстық деңгейде өткізілетін спартакиадаға берілетін жолдамаға ие болды.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.