Біз кз

Отан қорғаушылар күніне арналды

Бүгін  Қордай ауданына қарасты Ауқатты ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні орай этномәдени бірлестіктер арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
Турнирге 6 команда қатысып, бақ сынады. Атап айтқанда, «Достық», «Ынтымақ», «Биянху», «Алға – СДДиА», «Уйгур машряп – Қордай» және «Вайнах» командалары қатысты.
Жарысқа Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің башысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы, аудандық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Бекмырзаұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бақытбекұлы Қарабаев, ауылдық округінің әкімі Алмас Білімұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбай Семжанов қазылық етті. Олар қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарыстың нәтижесі бойынша бірінші орынды «Уйгур машряп – Кордай» командасы жеңіп алса, екінші орын «Биянху» командасына бұйырды. Ал «Достық» командасы жүлделі үшінші орынға жайғасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  медаль, диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.