Біз кз

Ауыл тұрғындары әкімдерін сайлады

Қордай ауданының Қарасу ауылдық округі мен Алға ауылының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлады.

Нәтижесінде, Қордай ауданы әкімі Б.Болатбековтың 2024 жылғы 6 мамырдағы №37 ө-ж/қ өкіміне сәйкес Ж.Әлхан Қарасу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл Қарасу ауылына арнайы барып, жаңа әкімді ауыл активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде жиынға қатысқан ауыл ақсақалдары да жаңа тағайындалған әкімге ыстық ықыласын білдіре келе, жергілікті жердің халқымен етене араласып, ауылға өз үлесін қосады деген сенімдеміз және біз де ағалық кеңесімізді беріп отырамыз деп сенім білдірді.

ӘЛХАН ЖАНИЯЗ ШЕРНИЯЗҰЛЫ

1988 жылдың 8 қараша айында Жамбыл облысы Қордай ауданы Кеңес ауылында дүниеге келген.

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебін тәмамдаған.

2006-2010 жылдары Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік М.Х. Дулати атындағы университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын аяқтаған.

2011-2012 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Құқықтану» мамандығын сырттай оқып бітірген.

2010-2011жылдары Алматы қаласындағы «ИП Калдыбаев» көгалдандыру саласында шебер-көмекшісі.

2011-2012 жылдары Алматы қаласындағы TOO «Greenland» көгалдандыру саласында шеберсі.

2012-2013 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімшілігінің дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша әкімшілікте көмекші. Осы жылдары Қордай ауданының салық басқармасында көмекшісі.

2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы ИП «Нусипбаев» техникалық байқау орталығында операторы.

2014-2019 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы ІІО емтихан тіркеу тобында инжинер.

2019-2021 жылдары Жамбыл облысы ІІО заңсыз көші-қон бөлімінде аға лейтинант инспектор.

2021 жылдан қазіргі күнге дейін ИП»JONY» жеке кәсіпкер.

2022 жылы «Өтеген батыр қазнасы» қайырымдылық қорының төрағасы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Алға ауылдық округі тұрғындары ауыл әкімін сайлады.

Нәтижесінде, Қордай ауданы әкімі Б.Болатбековтың 2024 жылғы 6 мамырдағы №36 ө-ж/қ өкіміне сәйкес Б.Абильдаев Алға ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл Алға ауылына арнайы барып, жаңа әкімді ауыл активіне таныстырды. Жиында ауыл үлкендері батасын беріп, өздерін толғандырып жүрген мәселелер оңды шешімін тауып, ауыл тірлігі турасында өз ойларын ортаға салды.

АБИЛЬДАЕВ БЕРІК ЕРКІНҰЛЫ

Абильдаев Берик Еркинович 1986 жылы 17 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары.

2003-2007 жылдары «Қазақ экономика және консалтинг» университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған.

03.2008-05.2009 ж.ж. – менеджер, «AS Group Co LTD», Алматы облысы Қарасай ауданы;

05.2009-12.2009 ж. – «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы, Қордай аудандық қазынашылық басқармасы;

02.2010-09.2010 ж. – операциялық тобының бас маманы, Қордай аудандық қазынашылық басқармасы, Қордай ауылы;

12.2010-08.2015 ж.ж. – қаржылық шарттар тіркеу тобының бас маманы, Қордай аудандық қазынашылық басқармасы, Қордай ауылы;

08.2015-12.2015 ж. – келісім шарт бойынша қызметкері, Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты, Қаракемер ауылы;

12.2015-12.2017 ж.ж. – бас маман-есепші кассир, Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты, Қаракемер ауылы;

01.2018-03.2019 ж.ж. – келісім шарт негізінде бухгалтер, Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімінің аппараты, Масанчи ауылы;

04.2019-09.2019 ж. – бас маман-есепші, Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты, Сарыбұлақ ауылы;

09.2019-06.2020 ж.ж. – Сарыбұлақ ауылдық округ әкімінің орынбасары, Қордай ауданы;

06.2020 жылдан бері Алға ауылдық округінің әкімі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.