Біз кз

Отан қорғаушыларға құрмет көрсетті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов Қарулы күштер, Қорғаныс, азаматтық қорғау және ішкі істер саласының бірқатар қызметкерін қабылдап, құрмет көрсетті.
Қабылдау барысында Бақыт Алпысбайұлы бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
-Елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда айбынды сарбаздардың атқаратын рөлі жоғары. Ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді аудан басшысы.
Бұдан соң сөз алған «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина ізгі лебізін жеткізді.
Қабылдау барысында әскерилер өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын айтып, естелікке суретке түсті.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.