Біз кз

Мереке мезіреті

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтататын, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген ұранды сөзі ел намысын өз тағдырынан жоғары қоюға шақырған тарихи сөз болып қалды. Осы бейбіт өмірде ерлігімен ер атанған, ауданымыздан шыққан 2 дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Әділбай Дастан Әділбайұлы, сондай-ақ, 3-дәрежелі «Айбын» орденінің иегерлері Ұлыбеков Әуесхан Бекмұратұлы, Бишаев Еркебұлан Жақсылықұлы сынды азаматтарымызды мақтан етеміз. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуаты нығайып, даңқы арта берсін!» – деді аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы.
Шара жергілікті өнерпаздардың әуелеген рухты әніне, мерекелік тартуына ұласты.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.