Біз кз

Ардагерлерді ардақтап…

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Сарысу ауданында Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерді еске алуға арналған шаралар көптеп ұйымдастырылуда.
Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, ҚазССР білім беру ісінің үздігі, ұстаз-әдебиетші Әби Прекешовті еске алуға арналған үстел теннисінен ардагерлер арасындағы ауданаралық ашық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов қатысып, жарысқа қатысушыларды құттықтады.
Майдангер әрі ұстаз ағаны еске алу мақсатында өткізіліп отырған турнирдің өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәнінің сондай-ақ, бұл турнирдің ауданымызда спортты насихаттауда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда ықпалының зор екендігіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін, майдангер ағаның ұлы Нұрхан Прекешов сөз сөйлеп, елге елеулі еңбек еткен әке өмірін насихаттау, ұлықтау перзенттік парызы екендігін айтып, Прекешовтер әулетінің атынан жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, «Казфосфат ГПК» ЖШС-нің ұжымы атынан Жандос Жакаев сөз алып, жылы лебізін білдірді.
Турнирге Түркістан облысынан, Тараз қаласынан және Талас, Сарысу аудандарынан 8 команда қатысып бақ сынады.
Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жекелеген ойыншылар Прекешовтар әулетінің тағайындаған жүлделерімен, арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.