Біз кз

Татулық – таусылмас бақыт

 1-мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесінде Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы аудандағы бірқатар этномәдени бірлестік жетекшілері, ақсақалдар және зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Қарапайым форматта өткен басқосу барысында аудан әкімі халқымыздың бірілігі күнімен құттықтап, мерекелік жылы лебіздерін білдірді.
Аудан әкімі аталған мерекенің идеологиялық түпкі мақсатына терең мән беріп, халқымыздың бірлігі және қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – мемлекетіміздің ең басты байлығы екенін айтты.
Жорабек Нұрмергенұлы  еліміздегі көптеген этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп келе жатқан халықтар достығының шынайы көрінісі екенін атап өтіп, аудандағы қоғамдық келісім мен бейбітшіліктің нығаюына атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Мұратбек Көкірекбаев та көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, өзінің марапатын табыстады.
Жиында орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Анатолий Банников, өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Якуб Ибрагимов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Яша Азизов сөз алып, өздерінің достық лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.
Сонымен қатар белгілі ақын әпкеміз Шырын Мамасерікова еліміздегі достық туын биік ұстаған этностардың бірлігі бекемделе беруіне тілектестік білдіріп, жаңадан жарық көрген «Елге деген махаббат» кітабымен таныстырды.
Сол сияқты, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татығұлова және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Совет Қалманбетов те өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.