Біз кз

Аудан тұрғындарына арналған «Сервистік әкімдік»

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында  «Сервистік әкімдік» орталығы халыққа сапалы және қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетуде.

«Сервистік әкімдік» арқылы аудан тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін ала алады. Оның ішінде, аудан тұрғындары ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу, ЭЦҚ мерзімін ұзарту, «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну, «Фтизиатрия» фтизипульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну, соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру, балабақшаға баланы кезекке қою, жылжымайтын мүліктің болуы, болмауы туралы анықтама беру сынды көптеген анықтамаларға қол жеткізе алады.

Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді.

«Сервистік әкімдік» жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта аудан тұрғындары үшін қызмет етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.