Жуалыда бүгін 100-ге жуық ерікті «Жасыл ел» жасақтары және еріктілер тазалық жұмыстарына атсалысты. Аталмыш жоба Жуалы ауданы әкімінің аппараты мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің бастасымен қолға алынды.
Шара Б.Момышұлы аулында орналасқан «Мәңгілік Ел» саябағы мен «Жастар» аллеясы аумағында өткізілді. Жастар саябақтар аумағына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, күл-қоқыстан тазартты.
Басты мақсат – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай сенбілік күнделікті өткізіліп тұрады. Көптеген ерікті аталмыш шараға «Таза Қазақстан» акциясы бастау алғаннан бері атсалысуда. Олар ауданды тазартуға үлес қосып қана қоймай, өздеріне жаңа дос тауып жатқанын айтады.
Махамбетжан Рүстем, ерікті:
«Біз осы аудан ішінде қоқыстарды жинаумен айналысып жатырмыз. Ол өзіміздің денсаулығымызға да пайдалы. Өзіме осы жерден жақсы достар таптым. Барлығымыз атсалысып, жинап жатырмыз».
Президентіміздің бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шара барысында аудандағы ең белсенді волонтер анықталды.