Біз кз

Тыныштықты күзеткен тәртіп сақшылары

Себебі, қоғамдағы әрбір қозғалыс пен тұрғындардың тыныштығы олардың жіті бақылауында. Ал, түзеу мекемелерінде еңбек етіп, арнайы контингент арасында қауіпті жағдайлардың алдын алатын Қылмыстық-атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің қиындығы мол жұмысы былайғы жұртқа беймәлім. Тиісінше, олар өз міндеттерін дабыра қылмай-ақ мінсіз атқарып үйренген.

Әйтсе де, олардың ерен еңбегін өзгелер білуі тиіс. Әсіресе, тәртіп сақшыларының ұл-қызы ата-аналарының жауапкершілігі зор жұмысты атқарып жүргенін шын сезінулері керек-ақ. Бұл ретте «Менің ата-анам – полицей» атты балалар байқауының ұйымдастырылып келеді. Жалпы, бұл байқауды өткізудегі басты мақсат – тәртіп сақшыларына тәрбиенің отбасынан бастау алатын түсіндіру, олардың балаларымен өзара ынтымақтастығын нығайту әрі олардың ата-анасының еңбегіне құрметін арттыру.

Меруерт МЕРКАЛИЕВА,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты. Нәзік жанды тәртіп сақшысы 1 қыз бен 2 ұлдың анасы. Меруерт Меркалиқызы өткен жылдан бері осы салада жұмыс істеуде.

Мәулен ТӨЛЕПБЕРГЕН,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет аға сержанты. 2018 жылдан бері ҚАЖ саласында қызмет ететін оның 2 қыз және 1 ұлы бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.