Біз кз

Жамбылда жазасын өтеушілер психологиялық тренингке қатысты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін «Стресс және оның алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында мекеме психологы Айгерім Саурбаева сотты болғандарға тақырып аясында бейнероликтер көрсетіп, тиісті сұхбаттар жүргізді. Сондай-ақ, бұл күні арнайы контингент өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап алуға мүмкіндік берілді.

– Жалпы, сотталғандардың түзеу мекемесінің психологтары тарапынан психологиялық көмек алуға құқығы бар. Мекемеде жазасын өтеушілердің қатысуымен түрлі психологиялық бағыттағы шаралар жиі өткізіліп тұрады. Бұл сотты болғандар үшін оң нәтиже береді деп сенеміз, – дейді сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, әділет майоры Мадияр Маханов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қауіпсіздігі барынша төмен аталған мекемеде 100-ден астам азамат жазасын өтеп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.