Біз кз

Маман тапшылығының алдын алу – аса маңызды

Бұл күнде өңірдегі жол-құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар «SineMidasStroy» компаниясында жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар жеткіліксіз. Бұл ретте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері кадрлық дефицитті жоюда хәл-қадірінше еңбектеніп жатыр.

Жолшылар «Ашық есік күні» іс-шарасы аясында жамбылдық жастарға жол саласының барлық бағыттарын түсіндіріп, жұмыс барысындағы артықшылықтар мен мүмкіндіктерді кеңінен айтып, жасөспірімдердің бұл салаға деген қызығушылығын оятуда. Нәтижесінде облыс орталығындағы бірқатар мектептердің жас түлектері болашақта осы мамандықты таңдауға шешім қабылдаған. Жалпы, бүгінгі жолшылардың әрбір әрекеті автожол саласына тың жаңалықтар әкеліп, технологиялардың жетілуіне және саладағы жаңа серпілістердің келуіне мүмкіндік беретінін естен шығармаған жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.