САРЫСУ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДУМАН ӨТТІ.
Жаңа жыл – қуаныш пен шаттықтың мерекесі. Атаулы мерекені барша балалар асыға күтеді, соның ішінде «ерекше» балалар. Қамқоршылық қажет ететін жандарға қол үшін беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Сарысу ауданында қайырымдық жасап, аудан тұрғындардың ризашылығына бөленіп жүрген азаматтарымыз аз емес, солардың бірі – жеке кәсіпкер Мұрат Төлепбеков. Жыл сайын ол өз демеушілігімен балаларға сыйлықтарын беріп, қуаныш сыйлап отырады.
Осы орайда, кәсіпкердің демеушілігімен дастархан жайылып, мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға Сарысу ауданының әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы қатысып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Думанды шараға келген бүлдіршіндерді ертегі кейіпкерлері қарсы алып, түрлі мерекелік костюммен шырша жанында сахналық қойылымдарын көрсетіп, ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар, аяз ата мен ақшақарды сағына күткен балалар мерекелік тақпақтары мен әндерін айтып, сыйлықтарын алды.
Мерекелік шыршаға Сарысу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қамқорлығындағы 40 бала және аудандық оңалту орталығының қамқорлығындағы 25 бала қатысты.
Жиын соңында, бүлдіршіндердің ата-аналары кәсіпкер Мұрат Сейітұлына алғыстарын айтып, ізгі ниеттерін жеткізді