Біз кз

Төтенше жағдайлар бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов аудан активіне Сарысу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №207-жқ бұйрығына сәйкес, Мелдеев Алмаз Асқарұлы Сарысу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Мелдеев Алмаз Асқарұлы 1985 жылы 12 шілде күні Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде бастаған.
2006-2020 жылдары аралығында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде түрлі лауазымда қызмет атқарған.
2021 жылдан бастап осы күнге дейін Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.