Біз кз

Табиғат тазалығы – баршаға ортақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңір-өңірлерде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Айналаны абаттандыру шарасына түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар да өз үлестерін қосуда.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталған әйелдер санитарлық-тазалық жұмыстарына белсене қатысып, мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Жалпы, мекеме әкімшілігі қай уақытта да табиғатты аялау шараларына ерекше көңіл бөлетінін айта кеткен жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.