Біз кз

Мерекеге орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шарада Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды. «Оңтүстік» әскери қолбасшылығының үрмелі оркестрі, мемлекеттік гимнді орындап, осы сәтте Ту көтеріледі.
Сонымен қатар, қолөнер, сурет, шығармашылық көрмелері, жастардың қатысуымен мерекеге арналған флешмоб, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерден шашу шашты.
Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаев, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, белсенді жастар мен өзге де шаһар тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, «Қыран елім-Қазақстаным» атты акция аясында мемлекеттік туларды көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне ілу (Март ойын-сауық орталығы, облыстық қаржы басқармасының ғимараты, Абай даңғылы, 159 үй, «Жамбыл» қонақ үйі, Астана» ықшам ауданы, №1,2,6 үйлердің, «Ұлы дала» ықшам ауданы, 23 үйде ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.