Біз кз

Тазалық акциясы жалғасын табуда

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, қоғам үшін маңызы зор «Жасыл аймақ» тақырыбындағы іс-шараға Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округі өз қолдауын білдірді.
Қостөбе ауылдық округінің Талас ауылында орналасқан «Жастар» аллеясында жас отбасылардың қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Отбасылық дәсүрді нығайту, тұрғындарды салауатты өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу мақсатын көздеген шараға елуге тарта адам қамтылып, тұт ағашы көшеттерін егіп, сондағы егілген ағаштардың түптерін әктеді.
– Бүгін отыз шақты тұт ағашының көшеттерін отырғыздық. Осындай игі шаралар жиі болып тұрса, жыл сайын көбейіп, алдағы уақытта үлкен саябаққа айналар деген үмітіміз бар. Әсіресе, көктемде бас қосып, шаңырақ көтерген жас отбасылар осы жерге келіп екі түп ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырады деген ойдамын, – дейді шараға қатысушы жас отбасы Дихан Абжаппаров пен Жансая Алишева.
Іс-шараға атсалысқан әрбір отбасы өздері отырғызған қос түп ағаштың жанында естелік суретке түсіп, ағаш өсіп тұрған орынды кейін адаспай тауып алатындай етіп белгі қойып жатты.
Былтыр ғана шаңырақ құрған ерлі-зайыпты Нұржан Есенбаев пен Диана Кавазова үш түп ағаш отырғызыпты.
– Мұндай шараларға алғаш рет қатысып отырмыз. Біріншіден, өзіміздің қоршаған ортаны жасылдандыруға атсалысқанымызға қуанамыз. Екіншіден, келешекте бала-шағамызды осы жерге ертіп келіп, өзіміз отырғызған ағаштарды көрсетіп, оларға өз ісімізді үлгі-өнеге етеміз, – дейді жас отбасылылар.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.