
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бүгін дәл осы мекемедегі сотты болғандардың назарына «Семьянин» кинофильмі ұсынылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің рухани байлығын арттыру, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастарын нығайту және арнайы контингент өкілдерінің мәдени тұрғыда дамуына оң ықпал ету.
Аталған фильмде адам баласы үшін отбасылық өмірдің маңыздылығы, ондағы қарым-қатынас және адамгершілік пен ұлттық құндылықтар кеңінен наситталады. Туындыда басты кейіпкердің өз отбасына деген шексіз қамқорлығы, еліне адал қызмет етуі, түрлі қиындықтар мен кедергілерге қарамастан жеңіске жетуі көрсетіледі.