
Кез келген қоғамның тыныштығы мен дамуы – ең әуелі «Заң мен тәртіп» қағидатының бұлжытпай орындалуына байланысты. Өйткені, заң – бүтіндей бір мемлекет қабылдаған әрі әрбір азамат орындауға міндетті ереже. Ал тәртіп – сол заңды мүлтіксіз орындаудың алғышарты. Сол себепті, барша халық заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы тиіс.
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде өткен жиынның мәні осыған саяды. Жиынға Тараз қалалық полиция басқармасына қарасты Жібек жолы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ардақ Әмірбеков, №2 қалалық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бақытжанов Садыханов, Жібек жолы аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Төлеби Сайлаубеков, учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекасыл Жамалбеков қатысты.
Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаевтың төрағалығымен өткен басқосу барысында қоғамдық орындарда орын алуы мүмкін түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылық және бұрын сотты болғандарды қатаң қадалауда ұстау мәселелері кеңінен талқыланды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаза басқандарды қоғамға қайта бейімдеудің маңызы зор. Бұл ретте профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, арнайы контингент өкілдерінің қылмысқа бармауына жол берілмеуі тиіс. Өз кезегінде жиынға қатысуы сотталған азаматтар да заң саласының өкілдерінен өздеріне қажетті ақыл-кеңес алды.
Басқосу соңында жауаптыларға қоғамдық орындарда тәртіп күшейте отырып, сотты болғандарды бақылау мен олардың күнделікті іс-әрекеттерін зерделеу жұмыстарын жеделдету жүктелді.