ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арасында ұйымдастырылған бокстан республикалық жарыста Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Тартысты додада департамент намысын қорғаған спортшылар кәсіби шеберлік пен мықты дайындықтың үлгісін танытып, жеңіске деген жігері мен қайсарлықтарын дәлелдей білді. Жарыс барысында:
🥇 Ерсұлтан Қуанышұлы
🥇 Нұрдаулет Қайратұлы
🥇 Махан Орынбасарұлы
🥇 Рауан Расулұлы
🥈 Нұрсұлтан Садуақасұлы
жүлделі орындарды иеленіп, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мерейін үстем етті.
Нәтижесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің құрамасы жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алып, республикалық жарыстың үздік командасы атанды. Бұл — спортшылардың табанды еңбегі мен үздіксіз дайындықтарының, сондай-ақ ұжымдық ауызбіршілік пен темірдей тәртіптің айқын жемісі.
Аталған жарыста жеңімпаз атанған спортшылар алдағы уақытта өтетін ҚР Ішкі істер министрлігінің республикалық жарысында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің намысын қорғайтын болады. Бұл – спортшыларымызға көрсетілген үлкен сенім әрі зор жауапкершілік.
Жамбылдық былғары қолғап шеберлері алдағы додада да жоғары нәтиже көрсетіп, комитет абыройын асқақтатады деген сенім мол.
- Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс, мықты денсаулық және биік белестер тілейміз!