Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері үшін топ құрамында әрекет етуге жаттықтыратын психологиялық тренинг өткізілді.
Өңірлік ҚАЖ департаментінің жеке құрам психологы, әділет майоры ұйымдастырған тренингте мұқият ойлау мен іс-қимылдың үйлесімділігін талап етті. Тәртіп сақшылары қызықты жаттығулар мен психологиялық әдістерден алған әсерлерін бөлісіп, өз ой-пікірлерін жеткізді.