Біз кз

ЖОЛДАУ – 2026: БІЛІМ САЛАСЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің алдағы даму бағыттары мен маңызды міндеттері айқындалды. Жолдауда білім беру саласына ерекше назар аударылып, ұстаздардың мәртебесін арттыру, білім сапасын жақсарту және саланы жан-жақты қолдау мәселелері қамтылды.

Осыған орай Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасовтың төрағалығымен Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорлары қатысты.

Кездесу барысында Жуаныш Қалықбергенұлы Мемлекет басшысының Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берілгенін атап өтіп, педагогтердің мәртебесін көтеру, білім беру жүйесін дамыту және ұстаздарға жан-жақты қолдау көрсету бағытында нақты міндеттер жүктелгеніне тоқталды.

«Тәуелсіздігімізді нығайтып, ел бірлігін сақтай отырып, алдымызға қойған асқақ мақсаттарға жету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі таңда білім саласы ел болашағын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін көтеру мен білім беру саласын қолдауға ерекше назар аударып отыр. Сондықтан Президент артқан сенімді ақтап, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауымыз қажет», – деді ол.

Сонымен қатар, жиында білім беру ұйымдарының алдында тұрған өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары талқыланды. Әсіресе, білім сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен тағылымды білім беру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді.

Жиын соңында білім беру саласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру және Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау жөнінде пікір алмасылды. Қатысушылар білім саласын дамыту жолындағы ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы міндеттерді бірлесе жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.