1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалы облыстық №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында (Қарттар үйі) «Денсаулық аралы» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – қарттардың денсаулығына көңіл бөлу, медициналық мәселелері бойынша кеңес беру және олардың денсаулыққа қатысты сауалдарына жауап беру.
Іс-шара барысында №2 қалалық емхананың невропатолог, дерматолог, психолог және эндокринолог дәрігерлері орталық тұрғындарына медициналық кеңес беріп, денсаулық жағдайына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Қариялар мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қажетті кеңестер алды. Іс-шара соңында ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қарттарға қамқорлық көрсету, олардың денсаулығы мен әл-ауқатына көңіл бөлу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Іс-шара барысында қарияларға ерекше көңіл бөлініп, оларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.