Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған тренинг ұйымдастырылды. Стресс, агрессия және апатияның алдын алу бойынша тренингке М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің психолог оқытушысы Ә.Дауренбекова мен аталған оқу орнының 4 курс студенттері де қатысты.

Іс-шара барысында арнайы контингент өкілдеріне тренинг тақырыбы мұқият түсіндіріліп, олардың пайда болуы себептері мен түрлері туралы кеңінен айтылды.
– Бүгінгі тренингтің басты мақсаты – дәл осындай келеңсіздіктердің алдын алу әрі жазасын өтеуші азаматтарға қандай жағдай болмасын ұстамды болуға шақыру, – делінген мекеме әкімшілігі таратқан ақпаратта.