– Табиғат – ата-бабадан қалған аманат, келер ұрпаққа табыстайтын асыл мұра. Алатаудың етегіндегі Меркі – табиғаты ерекше, тарихы терең өлке. Асқар таулары, мөлдір бұлақтары, қалың орманы мен шалғынды жайлаулары – Жамбыл жерінің көркі. Осы байлықты көздің қарашығындай сақтау – бүгінгі буынның басты парызы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Таза табиғат – Таза Қазақстанның негізі. Қоршаған ортаға құрмет – әр азаматтың туған жерге деген сүйіспеншілігінің көрінісі, – деді Ербол Қарашөкеев.
– Бүгінгі қуаныш – ең алдымен парк қызметкерлерінің жетістігі. Табиғатты қорғау – төзімділік пен адалдықты, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілікті талап ететін жауапты еңбек. Тау мен орманды, бұлақ пен жайлауды күн-түн демей күзетіп жүрген әрбір маманға шынайы алғысымды білдіремін. Жаңа ғимарат – сіздердің еңбектеріңізге берілген лайықты баға. Ұжымдарыңызға ынтымақ, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Меркінің көркем табиғаты сіздердің қамқорлықтарыңызбен келер ұрпаққа сол қалпында жететініне сенемін, – деді облыс әкімі.