Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде жазасын толық өтеген бір азамат бостандыққа шықты.
Бостандыққа шыққан азаматпен мекеме қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде кеңес берді. Сондай-ақ оның алдағы уақытта қоғамға бейімделіп, заңға бағынатын азамат ретінде қалыптасуына тілектестік білдірді.