Біз кз

Тараздағы түзеу мекемесінен жергілікті азамат босатылды

Бүгін облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті азамат бостандыққа шықты.

Бұл күні еркін өмірге жолдама алған 60 жастағы ер адамды мекеме қақпасынан шығарып салу барысында оған бостандықтағы құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. ҚАЖ қызметкерлері жазасын өтеушіге заң талаптарын бұзбауды қатаң ескертіп, болашақтағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Е есімді азамат Алматы облысы Қарасай аудандық сотының шешімі негізінде қолданыстағы Қылмыстық Кодекстің 405-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Бостандықта шыққан жазасын өтеуші алдағы уақытта дәнекерлеуші болып жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.