1984 жылы туған Ахан Бұрыбаев үй жұмысы кезінде көз жарақатын алған. Ауыр жарақат алған азамат Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталыққа жарақат пунткіне келген.
Пациентке дәрігерлердің қойған диагнозы: Нұрлы қабақтың жарылуы. Жарақаттық катаракта. Гифема. Гемофтальм және тор қабықтың ажырауы.
Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының күндізгі бөлімінің меңгерушісі Мейірхан Сейдиновтың айтуынша, пациент тәуліктік бөлімге жатқызылған.
“Пациентке жаңа CONSTELATION vision system машинасы арқылы ота жасалды. Көз ішілік бөгде зат алынып, көз түбіндегі қаны тазаланып, сылынған торлы қабат орнына жатқызылып, жарақаттан кейінгі болған катарактасы жасанды көз бұршағына алмастырылды.
Науқас түскен кезде көру қабілеті жарықты сезу ғана болса ауруханадан шыққан кезде 5% көру қабілетімен шықты. Жаңа технологияның арқасында және де дер кезінде көрсетілген көмек арқасында науқаста көру қабілеті сақталып қалды. Ота МӘМС жүйесі бойынша қаржыландырылды”,-дейді дәрігер.
Айта кетейік, осы жылдың наурзында орталыққа Constelation vision system замануи жоғары технологиялық құрылғы алынған. Міне, наурыз айынан бастап, жамбылдықтар күрелі оталарды облыстық офтальмологиялық орталығында жасатып жүр.
Отасы сәтті жасалған Ахан Бұрыбаев шұғыл медициналық көмек көрсетіп, жанарын қалпына келтірген дәрігерлерге алғысын жеткізді.
«Орталыққа көзім көрмей, қатты қиналып келіп едім. Шүкір, отам жақсы өтіп, жарық дүниені қайта көрдім, Барлық ем шараларым МӘМС есебінен қаржыландырылды. Ақ халатты абзал жандарға көп рахмет”,-деді ол.