Біз кз

Персиктің туыстары «кек алуға» көшті

Таразда қаңғыбас иттер қала тұрғындарын қаба бастады. Бұл туралы қала әкімдігі ресми хабарлама жасап, тұрғындарды сақ болуға шақыруда.
«Бүгін сағат 08.00-09.00 аралығында 12 мөлтек ауданда орналасқан қалалық көпбейінді ауруханаға ит қауып алу салдарынан 4 адам (3 ер, 1 әйел азаматша) зардап шегіп, «Жарақат пунктіне» жүгінді. Сондай-ақ Төле би мен Желтоқсан көшесінде (ТарӨУ әскери кафедрасының маңайында) қоңыр түсті қаңғыбас ит адамдарға шабуыл жасады. Кейін ұстатпай қашып кеткен.
Осыған орай қала тұрғындары қауіпсіздігі үшін ит асыраушы азаматтар өз иттерін қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Тұрғындар да иесіз, панасыз жануарды көргенде одан алыстау өтуді ескереміз» делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, Тараз қаласында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары кезінде қоғам белсендісі Жанна Мамашеваның Персик атты иті өліп, оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «басу айтқаны» қоғам тарапынан біраз дау тудырған болатын.
Өлген итке «көңіл айтып», оған қатысты мамандарды біраз сөгіп алған әкім ит қапқан әлгі қала тұрғындарына барған-бармағаны әзірге белгісіз.
Айтпақшы, қала аумағында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Иттеріңізге ие болыңыздар!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.