Агенттіктің 1424 Call-орталығына Т.Рысқұлов ауданындағы білім беру мекемелерінде тексерушілерге қаражат жинау жоспарланып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен болатын.
Осы мәселеге байланысты аталған бағыттағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 2022 жылдың 8 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында кездесу өткізілді. Жиналысқа Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров, Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының басшысының орынбасары А.Досыбаева, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Шаймерденов қатысты. Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің басшылық құрамы мен білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің директорлары зум платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.
Жиын барысында Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров келіп түскен хабарламадағы заңбұзушылық туралы және олар бойынша заңға сәйкес қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы тоқталып өтіп, аталған фактілердің алдын алу бойынша ұйымдастырушылық жұмысты күшейту қажеттігін айтып өтті.
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Шаймерденов тарапынан өз ұжымында тиісті профилактикалық жұмыстарын жүргізетінін және тексерушілер қосымша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қол қоятынын жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында Т.Рысқұлов ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар баяу жүргізіліп жатқандығы айтылды. Осыған байланысты, білім басқармасына Т.Рысқұлов ауданына білім саласы бойынша қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.