Біз кз

Жастарға жігер берген кездесу

Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездескен болатын.

Еліміздің әр саласында үлкен жетістікке жеткен азаматтармен кездесу жастарға жігер беріп, олардың болашаққа құрған жоспарларына тың серпін берді.

Қазақстандық бірегейлікті одан әрі қaлыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жетістіктерінің нақты тарихы мысалында жастарды патриоттық тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру, нығайту, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесу расында мазмұнды өтті.

Аталған жобаның қатысушысы, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, депутат, «Аманат» партиясының мүшесі Гулам Умаров жастарға өзінің жетістікке жету жолындағы тәжірибесін кеңінен баяндап берді.

– Бүгінде еліміз табысты, қарқынды даму үстінде. Ендігі ретте өркениетке бет бұрған егемен ел жастары болашақты өз қолымен жасайтын нағыз патриот болуы қажет. Жастар еліміздің бұдан әрі дамуы жолында аянбай еңбек етіп, көп білім алулары қажет және ол білімдерін халық игілігі үшін тиімді қолдана білгендері жөн, – деді ол.

Ал республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жас кәсіпкер Зайнуддин Махусеев те жастармен пікір алмасып, ел дамуы жолында бірлік пен татулықты ту етіп, ортақ еңбек етуге шақырды.

Айта кетейік, кездесуді облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева жүргізіп отырды. Ол кездесуде белсенділік танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табыс етті.

Келесі кезекте «Your-Path» жобасының негізін қалаған Александр Скалкин мен Санжар Сүлейменов жастармен тимбилдинг форматында кездесу өткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.