Біз кз

Ұлттық жобаның ұтымды тұсы неде?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында арнайы брифинг өткізіп, 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының 1-ші жартыжылдығы қорытындысы мен орындалу барысын баяндады.

Ұлттық жобада 4 бағыт, 9 міндет, 17 көрсеткіш және 26 іс-шара қарастырылған.

Биыл аталған жобаны іске асыруға 11 765,5 миллион теңге бөлінсе, 2022 жылдың 1 шілдесіне оның  7 543,9 миллионы игеріліпті.

– Жалпы облыста 388 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Жамбыл облысы бойынша барлығы 11 жылжымалы медициналық кешен бар. 2022 жылы барлығы 322 елді мекенді қамту жоспарланған.

Ауылды елді мекендердегі жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен қамтылған халықтың саны 156 693 адам (65,5%), оның ішінде 43 580 бала.

2022 жылдың 6 айында 40 015 диагностикалық зерттеулер, 15 261 зертханалық тексеру, 165 783 бейінді мамандардың консультациясы көрсетіліп, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту 2-есеге өскен.

Тұрғындардың денсаулығын жақсартуына жағдай жасап, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмекпен қатар, науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту және материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту қажет.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2022 жылдың 6 айына​ Облыста 1-жартыжылдық қорытынды бойынша амбулаториялық деңгейде: 6 039 мың теңгеге дәрілік заттар келіп түсті, оның ішінде  КВИ-ге қарсы дәрілік заттар соммасы – 127 328,9 миллион теңгені құрады. Жалпы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің мәлеметі бойынша 386 687  рецепт жазылып, 4 557,3 мың теңге  қамтамасыз етілді.

Стационарларлық деңгейде – 5 999,2 мың теңгеге шарт жасалып, қаңтар-маусым айларында 396 122,1 миллион теңгеге КВИ-ге қарсы дәрілік заттар «СҚ-Фармация» ЖШС-нен  үздіксіз жеткізілуде, – деді басқарма басшысы брифинг барысында.

Ол сондай-ақ, саладағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға 2,2 миллиард теңге қаржы бөлініпті. Оған 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынған. Атап айтқанда, 20 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппараты, 40 көп функциональды кереует, 3-анестезияға арналған тыныс алу аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты,1 КТ аппараты,1 ЛОР операцияға арналған бейне кешен, 4 ашық неонаталды реанимация жүйесі, 1 эксперттік кластағы УДЗ аппараты және тағы басқалар. Одан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 миллиард теңге көлемінде 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынғанын айтты Әсет Қалиев.

Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 89,7 пайызды құрап, 1,8 пайызға өскен. Аталған көрсеткіш ҚР ДСМинистрі мен облыс әкімінің арасында жасалған меморандумында қарастырылған екен.

Бұл бағыттағы жұмысты төмен деңгейде орындаған аудандарды атап өтті басқарма басшысы. Олардың өатарында Байзақ, Жамбыл, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандары,  Қалалық көпбейінді аурухана, ЦПЗ, Фтизиоорталық, Темір жол ауруханасы, Болашақ, Күншуақ, Даримет және Сауран медорталықтары бар.

Брифинг барысында басқарма басшысы инфрақұрылымды дамытудың маңызына тоқталды.

– 2022 жылы жалпы құны 9,1 миллиард теңгені құрайтын 24 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 23 нысанның аяқталуы жоспарлануда. 1 нысан 2023 жылға өтпелі.

Оның ішінде, «Ауыл-Ел бесігі» шеңберінде 19 дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары (о.і. 7-уі 2021 жылдан өтпелі);  Шу қалалық емханасының ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары; Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы; Шу ауданының Төле би ауылында 48 орынға арналған балаларды оңалту орталығының құрылысы; облыстық көпбейінді онкологиялық және хирургия орталығының құрылысы (2018 жылдан бері өтпелі, сметалық құны өзгерістермен -14,1 млрд.тг );  «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 496 млн.теңгеге 8 медициналық нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2023-2025 жылдары аралығында жалпы 54 медициналық нысандардың құрылысы жоспарланып отыр. Биыл 6 нысанның ЖСҚ әзірленуде, қосымша облыстық нақтылауға 18 нысанның ЖСҚ әзірлеуге құны – 228,3 млн теңге бюджеттік өтінім берілді, – деді Әсет Қалиев.

Табиғи өсім көрсеткіші 16,95-тен 17,47-ге көтеріліп 3 пайызға өссе, туу көрсеткіші 25,15-тен 27,06-ға, яғни 7,6 пайызға өскен екен.

Соңғы 3 жылда Жамбыл облысы бойынша диспансерлік есепте тұрған балалар арасында 2022 жылы – 5880, 2021 жылы – 5791, 2020 жылы – 5247 мүгедектер санының өсуі байқалатанын айтты басқарма басшысы.

Бұл бағыттағы, яғни, мүгедектіктің алдын алу, оларды оңалтудан өткізу, сырқаттанушылық пен мүгедектікті ерте анықтау, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Ол туралы облыстың бас дәрігері: «2022 жылдың І жартыжылдығында 1094 бала оңалтудан өтті. Оның ішінде, ДЦП-360, коксоартроз-191, жарақаттану салдарымен-112, Дауна ауруымен-104 бала және тағы басқалар. Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту – 27,7 пайызды құрап отыр, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 24,6 пайызды құрады» деді.

Мұнан өзге, брифингте кадрлық әлеуетті нығайту, әлеуметтік мәні бар аурулармен күрес сынды өзге де мәселелер сөз болды. Баспасөз алаңында журналистер басқарма басшысына салаға қатысты сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.